Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин жұмыс сапарымен Зеренді жəне Сандықтау аудандарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында егін орағы аяқталуға жақын

Өңір басшысы алдымен, «Викторовка» серіктестігінің химиялық сұйық тыңайтқыш өндіретін шағын зауытының жұмысымен танысып, қаржы үнемдеу мәселесіне назар аударды. Биыл шаруашылық егіс алқабына 400 тонна амофос, 1200 тонна сұйық тыңайтқыш сіңіріпті. Бұл гектарынан 30-35 центнерден өнім алуға септігін тигізіп отыр. Шағын зауыт тәулігіне 120 тонна химиялық сұйық тыңайтқыш өндіре алады. Бұл өзге де тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

null  Шаруашылық егіс алқаптарын әртараптандырған. Биыл 8387 гектар алқапқа дәнді дақылдар, 2647 гектарға бұршақты дақылдар, 5438 гектар жерге жасымық, зығыр, рапс тәрізді майлы дақылдар сіңірген. Владимир Андрюхиннің айтуынша, шаруашылық ауа райының қолайсыздығынан орақ жұмысына 20 тамызда кіріскен. Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 50 пайызы, жасымықтың 84 пайызы жиналған. Ылғалды астық қырмандағы газбен жағылатын кептіргіш кешенінде кептіріліп, бірден элеваторға тасымалдануда. Облыс әкімі өнімділігі жоғары комбайндардың жұмысына назар аударып, орақ жұмысының қарқынын еселеуді тапсырды.

Сапар аясында облыс әкімі Зеренді жəне Сандықтау аудандарының активімен бюджеттің орындалуы және ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдалану мәселесі жөнінде кеңес өткізді. null