Ақмола облысында егін себу жұмыстары аяқталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандары көктемгі дала жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында егін себу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңір диқандары 4 миллион 982,2 мың гектар алқапқа тұқым себу жұмыстарын толық аяқтап шықты.

«Биылғы жылы 4,5 миллион гектарға дәнді және бұршақ дақылдары, 223,5 мың гектар алқапқа майлы дақылдар, 189,9 мың гектарға азықтық дақылдар себілді. Картоп пен көкөніс те толық отырғызылды. Диқан қауымы дәнді дақылдардан мол өнім алуға ниеттеніп отыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.