Ақмола облысында екі көліктің соқтығысуынан 3 адам ажал құшты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданы аумағында  жол-көлік оқиғасы орын алып, 3 адам ажал құшты, деп хабарлайы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 17 қазан күні Еленовка ауылынан 10  шақырым қашықтықтағы «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының бойында «Lexus RX-330» және «Toyota Land Cruizer Prado» жол талғамайтын көліктері соқтығысқан.

Кейін белгілі болғандай 28 жастағы жігіт тізгіндеген бірінші көлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, екінші көлікпен бетпе-бет соғылған. Екінші көліктің рөлінде 33 жастағы СҚО Айыртау ауданы Арықбалық ауылының тұрығыны отырған. Жол апаты салдарынан қос көліктің жүргізушілері мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. «Toyota Land Cruizer Prado» көлігінде отырған тағы бір жолаушы түрлі дене жарқатымен Ақмола облыстық ауруханасына жатқызылды.

«Қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп түсіндірді полицейлер.  

Соңғы жаңалықтар