Ақмола облысында екі мыңнан астам азық-түлік жиынтығы портал арқылы жеткізілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға екі мыңнан астам азық-түлік жиынтығы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы «пилоттық режимде» жеткізілді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсыну биылғы жылдың 1 қазанынан бастап порталға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша пилоттық жобаға атаулы әлеуметтік көмек алушы 200 отбасы қатысады, онда бір жылдан алты жасқа дейінгі 5,5 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.
Гүлзат Серікқызының отбасы әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы өз балаларына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар алып жатқан өңірдегі 200 отбасының бірі болды.
«Порталға өтініш бердім. Бұл әлдеқайда оңай және жылдам, сонымен қатар енді балаларымның қандай азық - түлік пен гигиеналық құралдарды алатынын көре аламын», - дейді Зеренді ауылының тұрғыны Гүлзат Ешмағанбетова.
Электронды порталдың ыңғайлылығына азық - түлік жекізумен айналысатын «Дарбаев К.К.» жеке кәсіпкерлігі мен гигиеналық құралдарды жеткізуші «Көктем» серіктестігін көз жеткізіп көрді.
«Біздің компания Ақмола облысында азық-түлік жеткізуші болып табылады. Әрине, бізде үлкен жауапкершілік бар, өйткені өнімдер балаларға арналған. Біз, ең алдымен, сапаны, жарамдылық мерзімін қадағалаймыз. Порталда тіркеліп, АӘК алушыларға тауарларды жеткізу бойынша пилоттық жобаға қатысқан кезде, осы платформаның ыңғайлылығын бағалады. Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс істеу ыңғайлы, барлығы түсінікті және техникалық сауатты әзірленген. Қызметті жылжытудың барлық процесін өнім беруші де, тапсырыс беруші де қадағалайды – менің ойымша, барлығына да осылай жұмыс істеу ыңғайлы», - дейді жеке кәсіпкер Көбентай Дәрібаев.
2021 жылғы қаңтарда осындай көмек алушылардың саны болжанып отыр, олардың барлығы кепілді әлеуметтік пакеттерді алу үшін порталды пайдаланатын болады. Әлеуметтік қызметтер порталындағы өзінің жеке кабинетінде әрбір отбасы тауар жеткізушілерін және кепілдендірілген әлеуметтік пакет жиынтықтарының ұсынылатын нұсқаларын өз бетінше таңдай алады.
Қала тұрғындарына Порталды пайдалану мәселелері бойынша кеңестер мен түсіндірулерді «Адалдық алаңы» жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы алаңында әлеуметтік қорғау органдарының мамандары береді. Олар халықпен, сондай-ақ тауарлар мен қызметтердің әлеуетті жеткізушілерімен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.