Ақмола облысында ең үздік егіздер жұбы анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында егіздер байқауы өтті, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.Аршалы ауданында ұйымдастырылған «Екі тамшыдай» байқауында егіздер өздерінің шығармашылық, спорттық, интеллектуалдық, қолданбалы-өнер, сурет салу өнерлерін ортаға салды.

Ақмола облысында ең үздік егіздер жұбы анықталды

Байқау басталмас бұрын қатысушылардың фото суреттері мен өнер туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды. Онда байқау көрермендері мен қонақтары егіздердің отбасылық суреттерін тамашалады.

Алғашқы тур да қатысушылар өздері туралы бейнеролик көрсетіп, әңгімелеп берсе, екінші тур да «Бір-біріңді жақсы білесіңдер ме?» деген сауалға егіздер өздерінің сыңарлары туралы кеңінен айтып берді.

Қорытынды сайыста барлық қатысушылар «Нағыз егіздер» тақырыбында өз шығармашылық нөмірлерін ортаға салды.

Нәтижесінде 16 егіз жұп қатысқан байқау қорытындысына сай «Ең үздік дуэт» аталымы бойынша Антон және Артём Денисенколар жеңімпаз атанса, «Біздің түріміз бір» аталымы Ангелина және Карина Богатырёваға, «Грация и стиль» аталымы Ксения және Наталья Сидор, «Жыл егіздері» аталымы Анастасия және Анна Смирноваға, «Спортшы» аталымы Дияс және Дильяс Қауғабаевтарға бұйырды. 

В Акмолинской области прошел конкурс близнецов3 В Акмолинской области прошел конкурс близнецов2