Ақмола облысында еңбекті қорғау заңын сақтамаудың 5 мың оқиғасы анықталды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті жыл басынан бері еңбекті қорғау заңының сақталуын қадағалау жөнінде мыңға тарта тексеріс жүргізіп, соның барысында бес мың заң бұзу оқиғасын тіркеген,  1112 хаттама толтырған,

Ақмола облысында  еңбекті қорғау заңын сақтамаудың 5 мың оқиғасы анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы уақыт аралығында департамент инспекторлары еңбекті қорғау заңын сақтамаумен байланысты 54 заңды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып,  екі жарым миллион теңге мөлшерінде айыппұл салған. Сондай-ақ инспекторлардың араласуымен 224,5 миллион теңгенің жалақы қарызы өтелген. Тек ағымдағы жылдың сегіз айында еңбек заңының сақталмауына жол берген 435 лауазым иесі мен заңды тұлғадан 9 миллион теңге мөлшерінде айыппұл өндіріліп алынды. Өткен мерзім ішінде еңбек қауіпсіздігін сақтамаудан өндірісте 40 адам жарақаттанып, 7-еуі қаза тапқан.