Ақмола облысында ер адамды қамауда ұстағандар қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 37 жастағы ер адамды заңсыз бас бостандығынан айырды деген күдікпен ауылдың үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында ер адамды қамауда ұстағандар қолға түсті

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға 4 ақпанда Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылында болған.

«37 жастағы зардап шегушінің сөзінше, ауылдың үш тұрғыны оны бірнеше сағат бойы гаражда қамап ұстаған. Онысымен қоймай соққыға жыққаны анықталды. Ақмола облысының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында 27-29  жас аралығындағы бұрын сотты болған үш күдіктіні ұстады», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, күдіктілер қылмысын мойындап, үстінен ҚР 126 бабаның 2 бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары қолға алынды.

Егер күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, онда олар 5 жылға дейін мерзімге сотталуы мүмкін.