Ақмола облысында ірі жол апатынан бір азамат пен оның екі баласы опат болды

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолының 71-ші шақырымында жексенбі күні ірі жол апаты орын алып, оқиға салдарынан үш адам қаза болды, олардың екеуі 6 және 12 жастағы балалар.

Ақмола облысында    ірі  жол  апатынан     бір   азамат пен оның  екі баласы  опат болды

Бұл туралы Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

««Mitsubishi -Outlander» жеңіл көлігіне мінген 29 жастағы елордалық келіншек рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, бір отбасының төрт адамы мінген «Mazda 626» көлігімен соқтығысты», - деп хабарлады департаменттен.

Апат салдарынан оқиға орнында «Mazda 626» көлігінің жолаушылары - 38 жастағы отағасы мен оның екі баласы көз жұмды. Балалардың анасы - 35 жастағы әйел Астанадағы Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.

«Екінші көліктің жүргізушісі мен бір жолаушысы да ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттен.