Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 42 жастағы әйел іздестірілуде

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 42 жастағы әйел іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мамырдың 30-ында Көкшетау қалалық полиция басқармасына Краснояр кентінің тұрғыны өтінішпен жүгініп, 1980 жылғы әпкесін іздеп табуға көмек сұрады. Әйелдің сөзінше, әпкесі 2022 жылдың 25 мамырында таңғы сағат 08:30 шамасында үйден шығып, содан қайтып оралмаған.

«Анықталғандай, Краснояр кентінің 42 жастағы тұрғыны үйінен Көкшетау қаласына жұмысқа орналасу үшін кеткен. Оның өзімен бірге, қолында телефоны да болмаған. Оны іздеуге Көкшетау қалалық полиция департаменті мен басқармасының жеке құрамы бағдарланды. Уәлиханов, Болашақ, Красноярская, Целинная, Школьная тәрізді көшелердің мекенжайлары тексерілді. Жоғалған әйелдің таныстарының шеңбері, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Іздестіру шараларына еріктілерде тартылды», - деді ведомстводан.

Жоғалған адам үстіне қара түсті күрте, шалбар, аяғына кроссовка киген.

Айта кетсек, Ақмола облысында 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде.


Соңғы жаңалықтар