Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 50 жастағы ер адам іздестірілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 14 күннен бері 50 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 50 жастағы ер адам іздестірілуде

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы сәуірдің 27-де Зеренді аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын - 56 жастағы әйел хабарласып, 50 жастағы інісі Сайлау Серікұлы Бекішевтің жоғалып кеткенін айтып, оны іздеп табуға көмек сұраған.

Әйелдің сөзінше, інісі сәуірдің 1-де Зеренді ауданының Жылымды ауылынан Айдабол ауылына аттанған, байланысқа соңғы рет сәуірдің 14-де ғана шығыпты.

«Жоғалған күні ер адам қара түсті пуховик, қара көк түсті бас киім, қара шалбар, қара етік киген. Бойы 175-180 см, дене бітімі арықша, көздері қоңыр, құлақтары қалқиған, беті тікбұрышты келеді, құс мұрын, еріндері орташа, қиғаш қасты», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, полиция қызметкерлері жоғалған адамның туыстары мен таныстарын, көршілері және жоғалған күні ең соңғы рет көрген куәгерлерді анықтап, сұрады.

Сонымен бірге, арнайы жұмыс тобы Ақмола облысы аумағында іздестіру шараларын жүргізуде.

Тәртіп сақышлары Сайлау Бекішевті көрген немесе жүрген мекенжайын білетін адамдар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.