Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер өзге өңірде ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер еліміздің әр өңірінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында іздеу жарияланған үш қылмыскер өзге өңірде ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 27-сінде СҚО Айыртау ауданының Заря кентінде 32 жастағы қылмыскер әйел ұсталды. Оған қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін Бурабай аудандық соты іздеу жариялаған. Тағы бір қылмыскерді тәртіп сақшылары Нұр-Сұлтан қаласында көшеде кетіп бара жатқан жерінде қолға түсірді. қылмыскер Шортанды кентінің тұрғыны, 32 жастағы ақпан айында Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша 3 жылға сотталған.

Сонымен қатар, елордада 35 жастағы ер адам ұсталды. Оған Аршалы ауданының соты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша жасаған қылмысы үшін іздеу жариялаған.

«Көбіне құқық қорғау органдарынан орта және шағын қылмыс жасаған адамдар қашады», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ұсталған үш қылмыскер де уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.