Ақмола облысында карантиндік шектеулерді күшейту туралы қаулығы өзгерістер енгізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеулерді күшейту туралы 2020 жылғы 10 қарашадағы №170-қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында карантиндік шектеулерді күшейту туралы қаулығы өзгерістер енгізілді

Қаулыдағы өзгерістер мен толықтырулар бойынша:

– азық – түлік дүкендерінің жұмыс тәртібін сағат 07.00–ден 20.00-ге дейін шектеледі,

– қоғамдық көліктің (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) жұмыс режимі жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 07:00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат беріледі. Жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Айта кетейік, 2020 жылғы 10 қарашада Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеулерді күшейту туралы кезекті қаулысы шыққан болатын.