Ақмола облысында қауіпті химиялық қалдықтарды жаққан кәсіпорын басшысы сотталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қауіпті химиялық қалдықтарды жаққан кәсіпорын басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында қауіпті химиялық қалдықтарды жаққан кәсіпорын басшысы сотталды

«Биылғы жылғы маусымның 7-сінде Зеренді аудандық соты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша «ЭКО-Гарант» ЖШС-нің бас директоры А.А.Теміровті кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол 2016-2019 жж. аралығында құрамында цианид бар қауіпті химиялық қалдықтарды көміп, жаққан. Бұл қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде залал келтіруге әкеліп соқтырды. Сот кәсіпорындағы қоршаған ортаның ластануы аппатты деңгейде болғанын анықтады», - деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, сот кәсіпорыннан қоршаған ортаны қалпына келтіру мақсатында 150 миллион теңгені өндіріп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын шетелдік беделді жас ғалым қоршаған орта бойынша мұғалімдерге зерттеу курсын өткізіп жатқанын жазған болатынбыз.