Ақмола облысында «Қайырымды ұлт» акциясы өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының мәдениет саласының қызметкерлері «Қайырымды Ұлт» акциясына үлес қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін 23 наурыз күні бүкіл ел бойынша «Қайырымды ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ақмола облысының мәдениет мекемелері де ауқымды іс-шараға белсене ат салысты», - деді Ақмола облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.
Акция аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі мерекелік концерт өткізілді.
«Облыстың үздік шығармашылық ұжымдары Көкшетау қаласының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Көкшетау балалар психоневрологиялық мекемесі, «Аялау» орталығының балалары мен 18 жастан асқан ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға концерттік бағдарламаларын ұсынды. Сондай-ақ іс-шара барысында балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілд», - деп қосты ведомстводан.
«Қайырымды ұлт» акциясы одан әрі жалғасын табуда.


