Ақмола облысында қайырымдылық балынан 1,5 млн. теңге қаржы жиналды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданы іскер әйелдер қауымдастығының ұйытқы болуымен «Жақсылық жаса. Твори добро» қайырымдылық балы өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ақмола облысында қайырымдылық балынан 1,5 млн. теңге қаржы жиналды

Аталған шараның мақсаты медициналық көмекке зәру балаларға мекенжайы бойынша көмек көрету болып табылады.  Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті кәсіпкерлер және аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері атсалысты. Балға қатысушылар алдында аудан әкімі Малғаждар Тәткеев сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті.

«Бұл аудан үшін маңызы зор мәдени шара. Қайырымдылық шарасын көмекке мұқтаж жандардың жағдайларына бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ғана жүзеге асыруға болатыны сөзсіз. Бүгін соның куәсі болып отырмыз. Біздің қайырымдылық шарасын өткізудегі ұсынысымызға құлақ асқан азаматтарға алғысымыз шексіз», деді аудан әкімі өз сөзінде.

Целиноград ауданы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззәт Қонарбаеваның айтуынша, шара барысында 1,5 миллион теңге қаржы жиналды. Түскен ақшаның 400 мың теңгесі медициналық көмекке зәру балаларға, 500 мың теңгесі «Болашақ» қоғамдық бірлестігіне, қалғаны «Батыр» қоғамдық бірлестігіне бөлінді. 

null null