Ақмола облысында əкелер кеңесі құрылмақ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы "Айша" балабақшасы жанынан əкелер кеңесі құрылмақ. Бұл туралы аталған балабақша баратын бүлдіршіндердің əкелері мен "Шаңырақ" əлеуметтік-психологиялық орталық" қоғамдық қорының өкілдері арасында өткен кездесуде айтылды,  деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
None
None

Қоғамдық қор директоры Берік Рақышевтің айтуынша, кеңес  баланы тәрбиелеп,  дамытуда əкенің рөлі мен балаға  көңіл бөлуін  арттыруға бағытталған.

null 

Шара аясында əкелермен тренинг өткізіліп, отбасылық тəрбиелеуде əкенің балаға көңіл бөлуі, рөлі мен беделі сөз болды. Əкелерге "Əке, мен сіздің уақтыңыздың бір сағатын сатып алғым келеді" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

null  

Шара соңында "Сіз жақсы əкесіз бе?" деген сұраққа сауалнама толтырылды. 

null null  

Соңғы жаңалықтар