Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кейінгі қола дәуірінің жәдігерлері – әшекей бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, биылғы маусымның 6-нан бастап Зеренді ауданының Кеңөткел ауылы маңында археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Оның барысында археологтар қола дәуірі кезеңіндегі тұрмыстық заттарды тапты.

«Біз алғаш рет шағын пішінді қыш ыдыстарды таптық. Бұл кейінгі қола дәуірі. Мұнда ою-өрнектер жоқ, бірақ ерте темір дәуірінің ежелгі түркі жазбаларына ұқсас жазулар бар. Демек, бұл өтпелі кезең болды. Жалпы, басқа керамикалық ыдыстардағы өрнектер біздің дәуірімізге дейінгі 17-15 ғасырларда осы аймақта өмір сүрген адамдардың дүниетанымы, сенімі мен мәдениетінен хабар береді», – дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы Жасұлан Үкеев.

Айта кетсек, осыған дейін Атбасарда өзен жағасынан әйелдің бөлшектелген денесі табылған еді.


Соңғы жаңалықтар