Ақмола облысында «Көкшетау алаулары» шолу алаңын қайта қалпына келтіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда облыс орталығының көрікті орындарының бірі саналатын Бұқпа шоқысындағы шолу алаңын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Ақмола облысындағы өңірлік коммуникациялар қызметі.
None
None

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Кенесары көшесінен «Көкшетау алаулары» шолу алаңына дейінгі аралыққа жаңа асфальт төселіп, көлік тұрағы жасалған. 144 баспалдақ қала тұрғындары мен қонақтарын алаңның ең жоғары жағына алып келеді. Баспалдақты бойлай таяу арада жарық орналастырып, тұтқаларды жаңартады, алаңға отыратын сәкілер орнатады.

«Баспалдақ асықпай көтерілуге кеңес береміз, себебі дайындықсыз адамға салмақтан дем жетпей қалуы мүмкін», - деп түсіндірді Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мырзабек Мырзахметов.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ақпаратына сүйенсек, жөндеу жұмыстары биыл шілдеде аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар