Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандар тұқым себу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында көктемгі егіс науқаны аяқталды

Аппарат мәжілісінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның келтірген мәліметі бойынша көктемгі егіс науқаны дайындығының тиісті деңгейде ұйымдастырылуының арқасында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқым себуді жоғары агротехникалық деңгейде және қысқа мерзім ішінде аяқтаған.

«Өңірдің агроөндірістік кешендерімен 4,217 миллион гектар аумаққа дәнді және бұршақ дақылдары себілді. Майлы дақылдар 206,7 мың гектар, көпжылдық шөп - 36,6 мың гектар, жүгері сүрлемі - 8,9 мың гектар жерге егілді. Оған қоса,  18,7 мың гектар алқапқа картоп отырғызылып, 4,4 мың гектар жерге көкөніс егілді», деді Мұрат Балпан.