Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілмек

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Облыс аумағында 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Айта кету керек, мұндай шектеулер Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында енгізілетін болады. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру IV және V жол-климаттық аймаққа бөлінген.

IV жол - климаттық аймақта орналасқан Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында қозғалысқа уақытша шектеулер қойылады.

V жол-климаттық аймаққа Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Уақытша қозғалысты шектеу 1 наурыздан 1 сәуір аралығында енгізіледі.

Жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу жыл сайынғы кестеге сай енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар