Ақмола облысында қолөнершілер ерекше челлендж бастады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қолөнер шеберлерінің ерекше «Қол жұмысының патшайымы» атты шығармашылық челлендж іске қосылды. Онда қыздар өздері жасаған немесе қолөнер материалдарынан жасалған тәжді әлеуметтік желіге жүктеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осындай ерекше шығармашылық челленджді іске қосу үшін Ақмола облысындағы қолөнер шеберлерінің «Палитра Синегорья» ұйымының басшысы Елена Андроняк Қазақстан және таяу шет елдердің шеберлеріне ұсыныс білдірген.
«Адамның шығармашылық ләззатынан артық не бар? Бұл - қолөнер бұйымдарын жасайтын материалдар немесе дайын өнімдер. Соңғы 5 жылда мен араласып жүрген көптеген қолөнер шеберлері бар. Олармен қарым-қатынас жасау арқылы тәжірибе алмасып, шығармашылығыңды шыңдай түсесің. Сондықтан, маған шығармашылық челленджді іске қосу туралы ой келді. Қолөнер материалдарынан тәж жасауға кез келген қолөнершінің шығармашылығы жетеді. Бұдан бір керемет шедевр жасап шығарса, артық емес. Немесе дайын өнімнен паштайымның бас киімін құрастыруға болады», - деп өз ойымен бөлісті Е.Андроняк ұйымның әлеуметтік желідегі парақшасында және онда жіптер орамасынан жасаған тәждің суретін қойды.
Ақмола облысы шеберлерінің ұсынысына өзге қалалардағы қолөнер шеберлері де қызығушылық танытуда.
«Біздің қолымыз зерігіп, бос отыруға арналмаған, сол себепті шығармашылық челленджге қатысып, өнер көрсетіп, ләззат алып жатырмыз», - деп жазады челленджге қатысушы рудныйлық Дана есімді шебер.
Қатысушылардың байқауға ұсынған жұмыстарын #королеваhandmade немесе #корольhandmade хэштегтері бойынша бақылап отыруға болады.
Е. Андроняктің айтуынша, челлендж алдағы 1-2 айға созылады. Содан кейін байқау жеңімпаздары анықталады. Жүлдеге жеңімпаздың өзі қалаған шығармашылық материалы беріледі.