Ақмола облысында Колутон өзені суы қауіпті деңгейге көтерілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Колутон өзені суының деңгейі көтерілуде. Осыған байланысты Старый Колутон ауылындағы тұрғын үйлерді тасқыннан қорғау үшін Көкшетау қаласынан облыстық ТЖД қосымша күштері мен техникасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«9 сәуірден бастап Колутон өзені суының дейгейі жоғары қарқынмен көтерілді. Қазіргі кезде, судың деңгейі
ТЖД қызметкерлері жүзу құралы, апатты-құтқару құралдары, гидрокостюм, түнгі уақытта құтару жұмыстарын жүргізетін жарық мұнарасы, байланыс құралдары және далада автономды жағдайда тұратын жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, 2019 жылы Старый Колутон ауылында көктемгі су тасқынының салдарынан бірнеше үйлер мен аулаларды және жолдарды су шәйіп, автокөлік байланысы үзілген болатын.


