Ақмола облысында көмір тиеген жүк пойызының 4 вагоны релсьтен шығып кетті

АСТАНА. Ақпанның 8-і. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көмір тиеген жүк пойызының 4 вагоны релсьтен шығып кетті,

Ақмола облысында көмір тиеген жүк пойызының 4 вагоны релсьтен шығып кетті

деп хабарлайды еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Апат ақпанның 7-сі, жексенбі күні таңертең Шортанды ауданына қарасты Төңкеріс стансысында орын алған. Министрліктің ақпаратына сәйкес, № 1613 жүк поезы Екібастұздан Ресей Федерациясының Пресногорьковск қаласына кетіп бара жатқан.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Апат темір жол көлігі қозғалысына еш кедергі келтірмеді», делінген баспасөз хабарламасында.

Апат салдарын қалпына келтіру жұмыстары сол күні-ақ Астана қаласының апаттық қалпына келтіру пойызы мен 25 маманының күшімен толық аяқталды.