09:42, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ақмола облысында көппәтерлі тұрғын үйді өрт шалды, адам шығыны бар
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Ақмола облысы Фарфоровый ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрттің салдарынан екі адам қаза тауып,
15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Түнгі сағат 03.08-де көппәтерлі тұрғын үйден шыққан өрт 20 шаршы метр аумаққа жайылған. Оны сөндіру барысында 52 және 30 жастағы екі азаматтың денелері табылды. Оқиға орнынан 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің күшімен сағат 05.00-де ауыздықталды.