Ақмола облысында құрамында алтын бар кенді өңдейтін шағын цех анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Бестөбе ауылында құрамында алтын бар кенді өңдейтін шағын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Степногорск қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері шағын цехты 11 қаңтарда Бестөбе кенті тұрғынының шаруашылық құрылыстарынан анықтады.
Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде жедел уәкілдер 32 жастағы ер адам заңсыз жабдықты өз бетінше жинап, материалды үйінділерге жинағанын анықтады.
Алғашқы тергеу іс-шараларында полиция шар ұсатқышты, жуғышты, ұсақтауға арналған 10 металл шарды және электр қозғалтқышын тәркіледі. Мұнда жедел уәкілдер жалпы салмағы 79 келі болатын құрамында алтын бар 2 қап тапты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.
Фото: polisia.kz