Ақмола облысында күшті жел ғимараттың шатырын жұлып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында күшті жел ғимараттың шатырын бұзып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін, 29 тамыз күні Ақылбай ауылында күшті жел «Есіл-Агро» ЖШС-нің машина-трактор шеберханасы орналасқан ғимараттың 420 шаршы метр шатырын жұлып әкетті»,-деді ведомство өкілдері.
Құтқарушылардың деректері бойынша, болған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиғаға дейін Ақмола облысының тұрғындарына смс-хабарлама арқылы 29-31 тамыз аралығында облыс аумағында күн күркіреп, жел күшейіп, екпіні секундына 28 метрге жететін ескертілген.
Авторы: Оксана Матасова