Ақмола облысында мал саны өсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында егіншілік саласымен қатар, мал шаруашылығы саласына зор көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде жылдан жылға мал саны арттуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аталмыш сала өңірде етті және сүтті бағытта дамытылып жатыр. Биыл өңірде 27 ферма ашылып, 2 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Оның 19 ферма қазіргі кезде жұмыс істеп тұр. Облыста 1,6 мыңнан астам сиырға арналған 9 тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді.

Жыл соңына дейін тағы 18 ферма ашып, мал басын 2,5 мыңға арттыру жоспарланған.

Сондай фермалардың бірі, Зеренді ауданында орналасқан 200 басқа арналған «Мил проджект» ЖШС. Кәсіпорын белгіленген мерзімінен бұрын іске қосылды. Мұнда Голландиядан асыл тұқымды 99 бас голштин сиырлары әкелінді. Қазіргі кезде бұл сиырлар біздің климатқа бейімделді.

Серіктестіктің мал дәрігері Дмитрий Степиннің айтуынша, ферма израилдың қазіргі замаңғы технологиясы бойынша жабдықталған.

«Фермада барлығы автоматтандырылған және бірыңғай пульт орталығы арқылы басқарылады. Жүйе арқылы сиырдың денсаулығын, тамақтануын бақылауға болады», - дейді Дмитрий Степин.

Сонымен бірге, сиыр саууда интеллектуалдық жүйе арқылы «ақылды сауу» инновациялық технологиясы қолданылады. Алдағы уақытта компания мал басын 350-400-ге, жылдық сүт өндірісін 6 мың тоннаға жоспарлап отыр.

Жалпы, облыс бойынша 2023 жылдары 700 жаңа ферма ашып, сауын сиыр санын 35 мың басқа жеткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар