Ақмола облысында мекеменің лауазымды тұлғасына ұжымның қатысуымен үкім жарияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Көкшетау қалалық сотының онлайн отырысы өтті. Онда облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында мекеменің лауазымды тұлғасына ұжымның қатысуымен үкім жарияланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету және қайта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу мақсатында сотталушының әріптестері онлайн режимінде сот процесін бақылады.

«Сот барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Рәшидов өз сөзінде мемлекеттік мекеме ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының маңызды нормалары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының бағыттары және жобалық басқару тәсілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі туралы хабардар ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, парасаттылық қағидаттарын және этикалық нормаларды мүлтіксіз сақтауға шақырды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Облыстық мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының лауазымды лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Кінәліге айыппұл түрінде жаза қолданылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.