Ақмола облысында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының жүлдегерлері анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Тілдер күнінің аясында ұлты қазақ емес 14 жастағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық онлайн байқауын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, байқау мемлекеттік тілдің мәретебесін көтеру, талантты жастарды анықтау және өз елін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған. Оған Ақмола облысының 11 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 14 оқушы қатысты.

Байқау төрт кезеңнен тұрды. «Кел, танысайық» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзін-өзі таныстырып кетті. «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі - сөз» деп аталатын екінші кезеңде қатысушылар мәтінді мазмұндап, сөйлеу мәнері мен ойды ұшқыр жеткізу қабілеттерін көрсетті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» атты үшінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның лирикалық өлеңдерін, дастандарынан үзінділер жатқа оқып берді. «Сауатты болайық!» атты төртінші кезеңде қатысушылар көше жарнамаларындағы қате жазылған сөздерді талдады.

Оқушылардың тілді меңгеру деңгейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледждерінің мамандары бағалады.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, ал жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.


Соңғы жаңалықтар