Ақмола облысында оқушы саны аз 4 мектеп жабылды

Ббасқармасы басшысы орынбасарының айтуынша, жабылған мектептердің қатарында Бұланды ауданының Ұлтуған және Елтай ауылдарындағы бастауыш мектептер, Бурабай ауданының Шиелі ауылындағы бастауыш мектеп, Шортанды ауданының Новопервомайка ауылындағы бастауыш мектеп бар.
«Ұйымдарды жою тәртібі бойынша барлық іс-шаралар белгіленген тәртіппен өткізілді, оқушылар тасымалдауды ұйымдастырумен жақын маңдағы мектептерге бөлінді. Шектеу шаралары жағдайында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда», - деді Валерий Гамазов.
Оның айтуынша, атап өткендей, биылғы жылдың 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін барлық тілек білдірген оқушыларға жазғы мектеп ұйымдастырылды. Сонымен бірге, 16-27 тамыз аралығында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша облыста оқыту сапасын арттыру мақсатында 10640 (8,2%) оқушы үшін 206 мектепте жазғы мектептің жұмысы жалғастырылды.
Айта кетсек, биыл жаңа оқу жылында облыстың 552 мектебіне 130 мыңнан астам оқушы келеді, олардың 13659-ы бірінші сынып оқушылары.