Ақмола облысында өңірге есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері есірткі бизнесімен айналысқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның дерегі бойынша, 2019 жылғы ақпанның 2-де Көкшетау қаласында жедел шара барысында есірткі заты «гашиш» саудаламақ болған күдіктілер қолға түскен.

Күдіктілердің пәтерін тексеру кезінде бөлек орамаға салынған 25 келі «гашиш» табылып, тәркіленді. Кейін белгілі болғандай күндіктілер есірткі затын Жамбыл облысынан әкеліп, Ақмола облысы аумағында саудаламақ болған.

«Қазіргі кезде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 297 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», дейді Ақмола облысының ПД Есірткі бизнесімен күрес бойынша басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Соңғы жаңалықтар