Ақмола облысында онкологиялық ауруларды анықтау бойынша 40-там астам зерттеу жүргізілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында онкологиялық ауруларды анықтау бойынша жүргізілген ашық есік күні шеңберінде жергілікті онкодиспансер дәрігерлері 40-тан астам зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында онкологиялық ауруларды анықтау бойынша 40-там астам зерттеу жүргізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Набира Эсенованың айтуынша, шара барысында тұрғындар онколог-маммолог, гинеколог, хирург, уролог тәрізді дәрігер мамандардан кеңес алды. Сондай-ақ, сүйек және кеуде клеткасы органдарын тексерді. УЗИ кабинетінде 40-тан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мамандар кеңесіне әр жастағы адамдар жүгініп, дендерінің саулығына көз жеткізді. Алайда, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2 әйелде сүт безінің қатерлі ісігі анықталды. Дәрігерлер дерттің кеш босану, баланы емізбеу және стресстің әсерінен болатынын айтуда.

«Әйелдерде сүт безі қатерлі ісігі - жиі кездесетін әрі өмірге қауіпті сырқат. Бұл аурудан толық жазылып кетуге болады және бұл әркімнің өз қолында. Оны емдейтін және зерттейтін сала - маммология. Сондықтан, бастапқыда ешқандай симптомсыз пайда болатын дертті диагностика әдісі арқылы ерте бастан анықтап, алдын алуға болады. 

Осы күні Ақмола облысында ауруды анықтап, тексерістен өтуге барлық жағдай жасалған. Қажет болған кезде, кешенді түрде ем қабылдауға болады. Ол үшін, әрине, әйелдердің өздері денсаулықтарына немқұрайлы қарамай, дәрігерге уақтылы қаралып отыруы керек», - деді Набира Эсенова.

null