Ақмола облысында оннан астам ірі қара белгісіз дертке шалдықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында жеке қорадағы ірі қаралар этиологиясы белгісіз ауруға шалдықты. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов Бурабай ауданының Савинка ауылында оннан астам ірі қараның індетке шалдыққанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Басқарма басшысының айтуынша, қазіргі кезде Савинка ауылында 14 ірі қарадан сынама алынып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша Ұлттық реверенттік орталықтың зертханасына жіберілген.

«Ауыл бойынша ауруға шалдыққан барлығы 14 ірі қара бар. Оның барлығы жеке қорадаға сиырлар. Әр малдан сынама алынып, аурудың себебін анықтау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша Ұлттық реверенттік орталықтың зертханасына жіберілді. Аурудың белгілері аусылға ұқсайды. Сиырлардың ауыздары көпіріп, жем-шөп жемейді. Қазіргі кезде, мал дәрігерлеріміз ауру малдың аузын арнайы ерітіндімен шайып, клинкалық ем жасауда», - деді басқарма басшысы.

Сонымен бірге, басқарма басшысы осындай ауру өткен жылы облыстың 14 ауданы мен Степногор қаласындағы ірі қарада тіркелгенін атап өтті.

Оның сөзінше, алдағы мамыр айында өңірдегі ірі қараға вакцинация салу жоспарланған екен. Алайда, үкіметтен ақпан және наурыз айларында жіберілетін вакцина әлі кешіктіріліп отырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар