Ақмола облысында өрт пен газ баллонының жарылуынан 21 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін, түнгі сағат екіде Ақмола облысы Шортанды ауданының Бектау ауылында екі қабатты тұрғын үйдің №7-ші және 8-ші пәтерлерінде өрт болды,

Ақмола облысында өрт пен газ баллонының жарылуынан 21 адам қауіпсіз жерге көшірілді

оның артынан екінші қабатта орналасқан №6-шы пәтерде газ баллоны жарылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

өрттің таралуы  сағат бес жарымда тоқтатылды. Жалын 179 шаршы метр аумақты шарпыды. 21 адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шекендер жоқ. тілсіз жаумен ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметі (11 адам мен 2 техникасы) күресуде.