14:26, 15 Қазан 2016 | GMT +5
Ақмола облысында өртеніп кеткен көліктерге қатысты іс қозғалуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полициясы 15 қазан күні «Астана-Петропавл» автожолының 240 шақырымында болған жол-көлік апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде, деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның анықтауынша, шамамен таңертең 10:30-да Бурабай ауданы Кенесары ауылының маңындағы айналма жолда жеңіл көлік пен жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысып, өрт тұтанған. Жол-көлік апатынан екі көлік те тұтас өртеніп кетті.
Ауруханаға 4 адам жеткізілді, қаза тапқандар жоқ.
Қазіргі уақытта апат орнында полиция жұмыс істеп жатыр, апат себебін анықтау шаралары жасалуда.