Ақмола облысында өзбекстандықтар мінген автобус жолда тұрып қалған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүріп келе жатқан автобустың доңғалағы түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында өзбекстандықтар мінген автобус жолда тұрып қалған

Ведомствоның мәліметінше, оқиға желтоқсанның 24-де түнде «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының бойында болған.

«Патрульдік полиция ротасының 2 взвод экипажы, полиция аға сержанттары Нұрсұлтан Сағындықов пен Нұржан Жәмәлиев жол бойында тоқтап тұрған жолаушылар автобусын көріп, көмекке барды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерден мән-жайды сұрастыру кезінде көліктің доңғалағы түсіп қалғанын және салонда жолаушылардың болмағанын анықтады. Тек көлікте өзбекстандық жүргізуші мен екі әріптесі ғана болған. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамтамасыз етіп, жүргізушінің істен шыққан автобусты жөндеп сапарын жалғастыруына көмектесті», - деді ведомстводан.