Ақмола облысында Ресей азаматы көлігімен жаяу жүргіншіні қағып мерт етті

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - «Екатеринбург-Алматы» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, 30 жастағы астаналық қаза тапты,

Ақмола облысында Ресей азаматы көлігімен жаяу жүргіншіні қағып мерт етті

деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«Автожолдың 1208 шақырымында Астана бағытында келе жатқан «ДЭУ Матис» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1980 жылы дүниеге келген елордалық оқиға салдарынан алған жарақатынан апат болған жерде көз жұмды. Жеңіл көліктің рөлінде 1959 жылы туған Челябі облысының Магнитогорск қаласының тұрғыны, ресейлік азамат болған», - делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, жүргізуші ішімдік ішпегені белгілі болып отыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.