Ақмола облысында Сандықтау аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында өрт болды

АСТАНА.  Желтоқсанның  21-і. ҚазАқпарат -   Ақмола  облысының Балқашин  селосында    Сандықтау  аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік  ғимаратында  өрт болды, 

Ақмола  облысында Сандықтау  аудандық  ішкі істер  бөлімінің   ғимаратында  өрт болды

 деп   хабарлады  дүйсенбі күні  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дерек көздің ақпараты  бойынша,  өрт   кеше,  желтоқсанның  20-сы күні  сағат  12.45-те  криминалистика кабинетінен   шыққан.   Құрбан болғандар  мен   зардап шеккендер  жоқ.  Оқиға кезінде 30 адам   жедел көшірілді.  10 шаршы метр ауданға жайылып  үлгерген өрт ошағы   сағат 13.15-те     өрт сөндіру  қызметінің  күшімен  сөндірілді.