Ақмола облысында саяси партиялардан кандидаттардың сайлауға қатысу мәселесі талқыланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сайлау комиссиясы кенттер, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдерін сайлауға қатысатын саяси партиялармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында саяси партиялардан кандидаттардың сайлауға қатысу мәселесі талқыланды

Талқылаудың негізгі мәселесі сайлауға қатысу үшін саяси партиялардан және өзін-өзі ұсынушылардан кандидаттардың құжаттарын дайындауды ұйымдастыру рәсімінің тетігін түсіндіру болды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Садуов сайлау туралы заңнаманың жаңа енгізілімдерін егжей-тегжейлі баяндады.

«Сайланатын әкімдерге қойылатын талаптар жоғары: Конституциялық заң бойынша ол бұрын сыбайлас жемқорлық әрекетімен көзге түспеген, жоғары білімді және ҚР азаматы болуы тиіс, сондай-ақ, жасы 25 жастан кіші болмауы тәрізді көптеген талаптар бар. Тағы бір жаңалық - бұрын депутаттарды, тіпті президенттерді сайлаған кезде «мен бәріне қарсымын» деген баған болмаған еді, яғни сайлауға келгендер «мен қарсымын» деген бағанды тағайындай алады, егер кандидаттарды көңілі қаламаса, содан кейін азаматтар өзін-өзі ұсына алады. Бірақ сол азамат партия мүшесі болуы керек, бұл тұрғыда халықтың 1 пайыз дауысы есептеледі. Егер 800 адам және 8 адам қолдаса, онда бұл кандидаттың атқарушы билік органдарына сайлануға мүмкіндігі бар», - деді Манарбек Садуов.

Бұдан әрі қатысушылар ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Айта кетейік, өңірде жұмыс істеп тұрған 239 әкімнің 95-і (40 пайызы) сайланатын болады. Олардың сайлауына 100 000 ақмолалық қатысады – сайлаушылардың жалпы санының 19 пайызы. Аршалы, Жарқайың, Ерейментау, Целиноград аудандарының тұрғындары аудан орталықтары әкімшіліктерінің басшыларын сайлайды.