Ақмола облысында Сoworking орталығы ашылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысының Зеренді ауданында Жастар жылы және «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы шеңберінде Сoworking орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Зеренді ауылында ашылған заманауи орталық жастардың жаңа жобаларын іске асыруға, білімдерін жетілдіріп, тереңдетуге бағытталған.
Орталықтың ашылуы рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Зеренді ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Хасенов және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахытжан Айдосова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Орталықта бизнес-тренингтер, шеберлік-сыныптар, зияткерлік ойындар, пікірталастар өткізіледі. Мұндағы барлық қызметтері тегін. Келемін деушілерге есік ашық», - дейді аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақтияр Хасенов.