Ақмола облысында су шайып кеткен екі жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су шайып кетуіне байланысты екі жол жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
«10 сәуірде сағат 21:20 қардың күрт еруіне және қарғын судың шайып кетуіне байланысты «Макинск-Ақсу-Торғай» (0-120 км), «Щучинск-Зеренді» (0-6 км) автожолдарының учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды», делінген хабарламада.
Бұл бағыттарда «Ақкөл-Степногорск» жолымен айналып өтуге болады.