Ақмола облысында су тасқынының алдын алу штабтары жұмысын тоқтатып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында су тасқыны кезеңі қалыпты режимде өтіп жатыр. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тікұшақпен бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, елді мекендер манындағы гидротехникалық құрылыстар, су бөгеттері зерттелді, Жабай, Шағалалы, Айдабол бөгеті, Шағалалы су қоймасы өзендерінің арналарына назар аударылды. Қар жамылғысының, еріген қар суының жиналатын орындары, Жабай өзенінің бойында орналасқан елді мекендер мен автокөлік жолдары арқылы өтетін тұстары тексерілді.

Осы ретте, Зеренді және Сандықтау аудандарында үлкен көлемде қар қоры бар екені анықталды. Атбасар қаласы бойынша Жабай өзенінде судың деңгейі қалыпты, елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Атбасар, Сандықтау аудандарында және облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Жалпы Целиноград, Аршалы және Ерейментау аудандарында су тасқыны жағдайы тұрақты, қауіп жоқ, аталған өңірлерде аудандық штабтар жұмысын тоқтатқан.


«Су тасқынына жол бермеу және еріген сулардың ағуын уақтылы бақылау және ден қою – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл бағыттағы жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді сұраймын. Үлкен жұмыс атқарылды, сонда да жағдай тәулік бойы бақылауда болуы тиіс», - деді аймақ басшысы.

Ведомстводан атап өткендей, су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден шолу нәтижелері бойынша елді мекендерді және көлік инфрақұрылымын су басуға жол бермеу жөнінде тиісті шешімдер қабылданатын болады.


Айта кетсек, облыс аумағындағы Қарасу, Колутон, Жыланды, Жабай және Нұра өзендеріндегі 25 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, ықтимал тәуекелдерді мониторингілеу және су тасқыны қаупі бар өзендер мен гидротехникалық құрылыстарда жедел шаралар қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 92 бақылау бекеті қойылды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда бірнеше көшені су басқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
Референдум