Ақмола облысында суға батқан екінші балықшының денесі табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға батқан балықшылардың екіншісінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында суға батқан екінші балықшының денесі табылды

«Астана су қоймасында балық аулау кезінде суға батып кеткен Теміртау қаласының 50 жастағы тұрғынының денесі табылды. Ер адамның денесін құтқарушылар сағат 18:10 шамасында жағадан 500 метр жерден тереңдігі 1,5 метр судың түбінен алып шықты», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, қазанның 10-да Астана су қоймасында балық аулау кезінде Теміртау қаласының 1972 және 1975 жылғы тұрғындары суға батып кеткен болатын.

Іздестіру шараларына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ, балықшылардың таныстары тартылды.

Қазанның 11-де көлдің түбінен 47 жастағы балықшының денесі табылды.