Ақмола облысында суға кеткен балықшының денесі табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында суға батқан 69 жастағы балықшының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында суға кеткен балықшының денесі табылды

Балықшының денесі Ұялы ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы Нұра өзенінен табылған.

«27 қазанда кешкі сағат 19:00 шамасында 1950 жылы туған ер адам В.Т.Полящук балық аулау кезінде 3 метр жардан өзенге құлағаны туралы ақпарат түсті. Балықшыны іздеу жұмыстарына тиісті сала мамандары мен арнайы техникалар жұмылдырылды. Балықшының денесі бір күннен кейін табылды»,- дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.