Ақмола облысында суицид жасамақшы болған бойжеткен құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Ақмол ауылында суицид жасамақшы болған 27 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, кешкі сағат 19:15 шамасында қыздың пәтердің есігін іштен жауып алып, өзіне-өзі қол салмақшы болғаны туралы хабар түскен. Айтылған мекенжайға құтқарушылар дереу жетіп, арнайы құралдың көмегімен есікті ашты.
«Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар пәтерге енген кезде қыз ессіз жатқан. 1993 жылғы қыз екі қабатты кереуетке жіп байлап, асылып өлмекші болған. Оған дереу алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.