Ақмола облысында сумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сумен жабдықтау желілерін күтіп ұстау, сондай-ақ оларды қайта жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық басқармасының мәліметінше, облыста мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 жобаны іске асыруға қаражат бөлінді, республикалық бюджетті нақтылауға тағы 25 жоба мақұлданды. Зеренді ауданындағы ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау нысандарының жай-күйін жақсарту мақсатында өткен жылы 46 шақырымнан астам желі жөнделді, 100-ден астам таратушы құдық, оның ішінде 49 өрт гидранты, ұңғымалар мен сорғы станциялары орнатылды. Сумен жабдықтау объектілерінің дайындығы бүгінгі күні 89 пайызға жетті.

Дегенмен, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары аудандық бөлімінің басшысы Марат Жүнісовтің айтуынша, 2020 жылдың қараша айында өңірдің 6 елді мекенінде жалпы ұзындығы шамамен 20 шақырым болатын сумен жабдықтау желісіне жөндеу жүргізу үшін бірқатар өтінім әзірленіп жолданды.

«Сонымен қатар, 2021 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен 5 ауылдық елді мекенде су құбыры желісін ағымдағы жөндеу бойынша сумен жабдықтау саласындағы іс-шаралар қаралады. Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінде қарасты Қазақстан, Ақкөл, Молодежный ауылдарындағы су құбырларын жөндеу жұмыстарын қамту жоспарлануда», - дейді Марат Жүнісов.

Айта кетейік, биыл облыста 6 жобаны іске асыру есебінен қалалық елді мекендердің 98,8 пайызын, ауылдық елді мекендердің 84,1 пайызын орталықтандырылған сумен жабдықтау жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар