Ақмола облысында табылған мүрде үш ай бұрын жоғалған адамға тиесілі болуы мүмкін

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында иісшіл ит тауып алған ер адамның денесі осыдан үш ай бұрын жоғалған степногорлыққа тиесілі болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында табылған мүрде үш ай бұрын жоғалған адамға тиесілі болуы мүмкін

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы тамыз айының 23-де қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Степногор қаласының 55 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеуі Әлемжан Мәжитовтіы іздеуге көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, күйеуі маусымның 1-де үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, қоғам өкілдері бағытталды. Криминалды полиция мен учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтарды тексерді», - деді ведомстводан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, іздестіру жұмыстары барысында 2-ші қыркүйек күні батпақты аумақтан ер адамның мүрдесі табылды. Оны 3517 әскери бөлімнің қызметкері Александр Фролов пен қызметтік иті «Тай» тапқан. Мүрдедегі киім Әлемжан Мәжитовке тиесілі. Қазіргі кезде, сот-медициналық сараптама жүргізілуде.