Ақмола облысында тау шаңғысы спортының курорты салынып жатыр
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тау шаңғысы спортына арналған курорт салынып жатыр.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев өз блогында хабарлаған.
«Бүгінгі таңда Щучинск қаласынан төрт шақырым жерде тау шаңғысы спортына арналған курорттың құрылыс жұмыстары басталды. Жоба бойынша әртүрлі көлбеудегі үш тау шаңғысы жолдары, 5 және 4 жұлдызды екі қонақүй, аспалы жолдар базасы, спорт бары мен клуб салдынады», - деп жазған Т.Ермегияев.
Туризм және спорт министрінің ойынша, туристік-спорттық және көңіл көтеру бағыттарын үйлестіру арқылы ішкі және халықаралық туризм талаптарынан шығуға болады.