Ақмола облысында тұқым себу жұмыстары аяқталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тұқым себу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ақмола облысында тұқым себу жұмыстары аяқталды

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егістік алқаптың басым көпшілігіне, яғни 4,4 миллион гектарына дәнді және дәнді бұршақ дақылдары себілді. Жалпы, облыс бойынша жазғы егіс көлемі 4,9 миллион гектарды құрайды. Төтенше жағдай байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдын ала белгіленген кестеге сай науқанды аяқтады. Ендігі уақытта, егінді баптап, зиянкестерден қорғау, мал зығын дайындау сияқты жұмыстар күтіп тұр.

Басқарма басшысы Димаш Таласпаевтың айтуынша, облыста көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін төмендетілген бағамен 68 мың тонна жанар-жағар май бөлінді.

«Айта кету керек, мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының гектарға шаққандағы түсімі артқандығы байқалады», - деп атап өтті Димаш Таласбаев.

Оның сөзінше, тұқым себу науқанына 14 мыңнан астам трактор, 16 мың тұқым сеялка және 1,2 мыңнан астам өнімділігі жоғары тұқым себу кешені тартылды. Биылғы жылғы тұқым қоры 527 мың тоннаны құрады.