Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ресми деректерге қарағанда, қайғылы оқиға 2017 жылдың 3 қаңтарында түнгі уақыт 02:39-дарда Қотыркөл ауылындағы тұрғын үйде орын алған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 17 адам жəне 3 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Оқиға орнынан 1970 жəне 1967 жылдары туған Н.В.Панкратова мен Ю.В. Коневтің мәйіті табылды.